Алматыда тағы да жер сілкінді

26 Қаңтар, 14:39 1017

Бүгін сағат 14: 17-де Алматы тұрғындары тағы да жер сілкінісін сезінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ресми мәліметтерге сәйкес, қала аумағында болған жер сілкінісі 2 балл болған. 

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі 26 қаңтарда Алматы уақытымен 14 сағат 17 мин 56 сек (Гринвич бойынша 08 сағат 17 мин 56 сек) жер сілкінісі тіркелді, - делінген хабарламада. 

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 269 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.1.

Магнитудасы MPV 4.9.

Қабылдау туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Алматы 2 балл.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: