Алматыда тағы да қару-жарақ табылды

26 Маусым 2023, 14:57 597

Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №72 мекемесінің (Тергеу изоляторы) қызметкерлері Алматы қаласы Полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп қару-жарақ қоймасын тапты.

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Алматы қаласы Көкқайнар шағын ауданынан табылған Сайга және МР-18 ЕМ-М тегіс ұңғылы мылтықтары, жеті патрон, көру мен естуге әсер ететін екі гранатаға сараптама тағайындалды, - делінген мәліметте.

Оқиға орнына Алматы қаласы Алатау ауданы полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақырылып, зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: