Алматыда тағы бір нысан сот шешімі бойынша бұзылды

8 Қараша, 02:15 375

Алматының қала құрылысын бақылау басқармасының хабарлауынша, Курильская көшесі, 11-үй бойындағы екі қабатты ғимарат заңсыз тұрғызылған, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін Danil ЖК тұрғын емес үй-жайдың меншік иесіне қатысты жоспардан тыс тексеру аясында орын алған бұзушылықтарды жоюға нұсқама бере отырып, әкімшілік шаралар қабылданған болатын. Нұсқаманың талаптарын орындамауы салдарынан басқарма объектіні бұзу үшін Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа талап арыз берді, - делінген мәліметте.

2024 жылғы 14 мамырда басқарманың талап-арыз талаптары қанағаттандырылды. Нысанды бұзу бүгін сот орындаушыларының қатысуымен басталды.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың құрылысқа бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында өткен жылдың басынан бері 51 заңсыз нысан, оның ішінде «Мечта», «KHAN», «Алма Гарден» тұрғын үй кешендері және басқалары толығымен немесе ішінара бұзылды.

Перизат Саденова
Бөлісу: