Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы фронт кеңсе ашылды

Бүгiн, 02:16 218

Алматы қаласы Алатау ауданының комьюнити орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер жобасының фронт кеңсесі ашылды. Бұл бастама Алматы қаласы әкімдігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қалалық департамент қолдауымен қолға алынған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа кеңседе еріктілер тұрғындармен кездесулер, семинарлар өткізіп, ағартушылық жұмыстар жүргізеді. Мақсат — азаматтық белсенділікті арттыру және қоғамда ашықтық пен сенім қалыптастыру.

Айта кетейік, жалпы жоба жүзеге асқан уақыт ішінде Алматыда 10-нан астам ашық кездесу мен дөңгелек үстелдер өтті. Оған мыңнан  астам адам қамтылған. 2,3 млрд теңгеге сатып алудағы заңбұзушылықтар анықталып, уәкілетті органдарға жолданған.

Алдағы уақытта мұндай кеңселер қаланың барлық ауданында ашылады деп жоспарлануда.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: