Алматыда студенттерге арналған заманауи жатақхана пайдалануға берілді

26 Тамыз 2023, 17:24 914
Алматыда студенттерге арналған жаңа заманауи жатақхана ашылды, деп хабарлайды деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен Алматыда «Жастар Apartments» жаңа заманауи жатақхана студенттер игілігіне пайдалануға берілді. Бұл жаңа жатақханаға Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының жатақханаға мұқтаж білім алушы жастары орналастырылатын болады. 

300 орындық жатақхананың ашылу салтанатына Парламент Мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаев, қала әкімдігінің өкілдері, жоғары оқу орындарының басшылары, ғалымдары мен профессор-оқытушылар құрамы қатысты.
Елімізде жатақхана мәселесі өте өзекті. Алматы қаласында жатақхана тапшылығы жоғары. Осы мәселе бойынша біз екі бағыт бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Біріншісі жеке меншік хостелдермен және қонақ үйлермен келісімшартқа қол қойылды. Осы келісім арқылы қосымша 10 000-нан астам төсек-орын табылып отыр. Бүгінде қалада жер тапшылығы бар. Сондықтан екінші бағыт ол қайта жөндеу жұмысы. Яғни бизнесі құлдырап кеткен академиялық немесе жеке меншік ғимараттарында біз қайта жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жатақхана ретінде қайта жасақтап жатырмыз. Бүгінгі жатақхана осы екінші бағыт бойынша ашылып отыр, - деді Саясат Нұрбек.
Ғимаратта қайта жөндеу жұмыстары 2023 жылдың бірінші жартысында басталған болатын. Жатақхананың ішкі сәулеті шетелдік көшбасшы университеттердің дизайны негізінде жасалды. Нысан тиісті талаптарға толық сәйкес келеді. Төрт қабаттан тұратын жатақханада асхана, демалыс бөлмелері, кір жууға және кептіруге арналған тұрмыстық бөлме, әр қабатта өз ас үйі мен оқу залдары қарастырылған. Сондай-ақ әр секцияға тоңазтқыш, заманауи душ кабиналары мен жаңадан жиһаздар қойылған. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бейнебақылау жүйесі орнатылған. 

 

Асқар Таудай
Бөлісу: