Алматыда шина жөндеу шеберханасында өрт шықты

Бүгiн, 02:25 117

Алматы қаласы гарнизонның диспетчеріне шина жөндеу шеберханасында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға Жетісу ауданындағы Айнабұлақ шағын ауданында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

ТЖМ мәліметінше, шақырту орнына өрт сөндірушілер дереу жеткен. Олар өртке оранған шеберханадан 2 газ баллонын жедел түрде қауіпсіз аймаққа алып шықты. 110 шаршы метр алаңды шарпыған өрт сөндірілді. 

Зардап шеккендер жоқ.

 

Перизат Саденова
Бөлісу: