Алматыда шетелдік туристер ағыны 73%-ға өсті

26 Қыркүйек 2023, 01:02 659

Алматы қаласы туризм басқармасының ақпаратынша, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Алматыда шетелдік туристер саны 72,6%-ға өсіп, 261,6 мың адамға жетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ішкі туристер ағыны 24,6%-ға артып, 710,6 мың адамға жетті.

БАӘ, Катар, Кувейт, Иран, Үндістан, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, Германиядан келген шетелдік туристер ағынының өсуі байқалады, – деді басқарма өкілдері.

Биыл жыл соңына дейін Алматыда шетелдік туристер санының 500 мың адамға дейін жетеді деп болжанып отыр.

Перизат Саденова
Бөлісу: