Алматыда қызметтік көліктің есігін ашпақ болған шетелдік әйелді итеріп, жерге құлатқан полицей жұмысынан қуылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшысы сабырсыздық танытып, іс-әрекетімен қоғамда наразылық тудырды. Салдарынан полиция қызметкерлері сынға қалды.
Тәртіп бұзған қызметкер 14 маусым күні жұмыстан шығарылды. Ол полицей органда ұзақ жұмыс істемеді, – деп хабарлады ведомстводан.