Алматыда шатырдан құлаған қыздардың өліміне қатысты тың дерек шықты

17 Қыркүйек, 10:16 9888

Алматыда биік үйдің шатырынан құлаған 7-сыныптың екі оқушысына қатысты тың дерек шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі  КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Куәгерлер жеткіншектердің секіріп кеткен жерінен адамның бұлшық етін босатып, ұйықтататын әсері бар бірнеше дәрі тауып алған.

Тоғыз қабатты тұрғын үй қазір құқық қорғау органдарының ерекше бақылауында. Мектеп формасын киген екі қыз үйдің бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Таңғы сағат 10 шамасында жасөспірімдер көтеріңкі көңіл-күймен подъездердің біріне кіріп кеткен.

Куәгерлердің айтуынша, қыздар шатырда жарты сағаттай болған. 

Шатырпдың үстінен ұйықтататын дәрілер, пышақтар, аяқ киімдер табылд. Қысқасы, қыздар дайындалып келген. Оның үстіне олар құлаған кезде ешкім айқайлаған жоқ. Олар бірдеңе тұтынған сияқты, – дейді оқиға куәгері. 

Бұл уақытта оқушы қыздардың неліктен сабақта болмағаны әзірге белгісіз. Қыздар оқитын гимназия әкімшілігі түсініктеме беруден бас тартты.

Алмалы ауданында екі қыздың өмірін қиған қайғылы оқиғаға байланысты Алматы қалалық білім басқармасы істің барлық мән-жайын зерделеу үшін тиісті мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тарту арқылы комиссия құрды, – деді Алматы қалалық білім басқармасының басшысы Сайран Сайфеденов.

Алмалы ауданы полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себеп-салдары мен мән-жайы анықталып жатыр.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: