Алматыда шахматтан Әлем чемпионаты өтеді

8 Қараша 2022, 16:29 1432

Чемпионат 25-30 желтоқсан аралығында болады

Алматыда шахматтың жылдам және близ түрлерінен 2022 жылғы Әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды El.kz Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«ФИДЕ рапид және блицтен 2022 жылғы әлем чемпионаттарының өтетін күні мен орнын растауға қуанышты.

Беделді шара Іле Алатауы бөктерінде орналасқан Қазақстанның ірі мегаполисі – Алматыда өтеді», - делінген ФИДЕ мәліметінде.

Чемпионат 25 желтоқсаннан (спортшылардың келуі және турнирдің ашылу салтанаты) 30 желтоқсанға дейін (соңғы ойын күні және жабылу салтанаты) өтеді.
«Көптеген елдер (100-ден астам) Қазақстанға визасыз режимді, сондай-ақ Визалық-миграция порталы арқылы берілетін бірреттік электронды визаны алудың жеңілдетілген тәртібін пайдалана алады», - делінген федерация ақпаратында.

EL.KZ
Бөлісу: