Алматыда Рысқұлов даңғылындағы жолайрықтың учаскелері біраз уақытқа жөндеуге жабылады. Себебі аталған жол бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
17 тамыз сағат 23:00-ден 19 тамыз сағат 11:00-ге дейін Табачнозаводская көшесінен батыс бағытта Рысқұлов-Жансүгіров жолайырығындағы бұрылысқа дейін қозғалыс жабылады.
18 тамыз сағат 23:00-ден 20 тамыз сағат 11:00-ге дейін Рысқұлов-Жансүгіров жолайрығының басынан Табачнозаводская көшесіне дейінгі шығыс бағыттағы учаскеде көлк қозғалысы шектеледі.
Рысқұлов-Сейфуллин және Рысқұлов-Жансүгіров жолайрықтарындағы жолдар арқылы екі бағытты да айналып өтуге болады.
Жөнделіп жатқан учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйымының басшысының байланыс ақпараттары көрсетілген стендтер қойылады.