Алматыда референдум күні 100 «инватакси» көлігі қызмет көрсетеді

6 Қазан, 06:22 261

Алматыда республикалық референдум өтетін күні жүріп-тұруы қиын азаматтар үшін қала әкімдігі «Инватакси» қызметін ұсынады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл қызмет арбамен жүретін және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ көру қабілеті нашар азаматтарға қолжетімді. Бүгін 6 қазанда қалада 100 «Инватакси» көлігі қызмет көрсетеді.

«Инватакси» қызметіне келесі диспетчерлік қызмет нөмірлері арқылы тапсырыс беруге болады:

•⁠ ⁠Тірек-қимыл аппараты бұзылған және арбамен жүретін азаматтар үшін: +7 (747-40) 2-64-15, +7 707 710 6050 (WhatsApp);
•⁠ ⁠Көру қабілеті нашар азаматтар үшін: +7 (705-98) 0-87-09, +7 705 831 48 14.

Бұдан өзге референдум күні 20 кезекші автокөлік жүріп-тұруы қиын азаматтарға көлік қызметін көрсету үшін ұйымдастырылады. Кезекші көліктерге 338-30-09 нөмірі арқылы қоңырау шалуға болады.

Алматы әкімдігі осы нөмір арқылы мүгедектігі бар адамдар көрсетілетін қызметтердің сапасы бойынша жүгіне алатынын атап өтті.

Перизат Саденова
Бөлісу: