Алматыда құжаты дайын емес 37 тұрғын үй кешені жарияланды

Кеше, 18:34 185

Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасы пәтер алмауға кеңес берілетін тұрғын-үй кешендерінің жаңартылған тізімін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, тізім құрылысқа рұқсат беру құжаттарының толық пакеті жоқ, сондай-ақ жобадан ауытқулармен және басқа да бұзушылықтармен салынған бірқатар тұрғын үй кешендерімен (ТК) толықтырылды.

Тізімге құрылысы әлі басталмаған рұқсат құжаттары жоқ нысандар кірді. Басқарманың ақпаратына сәйкес, осындай ТК бойынша ұсыныстар интернет-ресурстардың мониторингі нәтижесінде анықталады.

Басқармадағылар азаматтарды жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасының WhatsApp +7 705 896 60 00 анықтамалық арнасы бойынша ТК құжаттарының толық пакетінің бар екеніне көз жеткізіп алуға кеңес береді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: