Алматыда құтқарушылар күшейтілген режимге көшті

28 Наурыз, 19:01 900

28 наурыз күні кешке қарай Алматыда жел екпіні күшейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шуақты күн райы кешке қарай күрт өзгеріп, дауыл соға бастады.

Әлеуметтік желіде тараған видеода ұйытқыған желден ағаштар сынып, құрылыс нысандарының бөлшегі көліктердің үстіне құлағанын көруге болады.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты қалада 10 балдық кептеліс тіркелген. Ал құтқарушылар күшейтілген жұмыс режиміне көшкен. 

Синоптиктер 29 наурызда қалада қатты жауын-шашын күтілетінін мәлімдеді. 

Зарина Арман
Бөлісу: