Алматыда құрылысы аяқталмаған 2 көпқабатты үй бұзылды

27 Сәуір 2023, 11:30 536

Алматының «Зерделі» шағын ауданында құрылысы аяқталмаған 2 көпқабатты үй бұзылды. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Осы жылдың маусым айына дейін «Зерделі» шағын ауданындағы 30 үйдің қалған 2-ін нығайту және түзету жұмыстары аяқталады. Сонымен қатар, 2022 жылдың желтоқсан айында құрылысы аяқталмаған 2 үй бұзылды. Ол жерде сквер болады,- деді Е.Досаев

Еске сала кетейік, 2019 жылы 11 желтоқсан күні Алатау ауданындағы «Зерделі» шағын ауданының тұрғындары үйлерінің қисайғанын айтып, дабыл қаққан болатын.

Равиль Ашығали
Бөлісу: