Алматыда құрылысшы басшысын балтамен өлтірмек болды

19 Маусым, 11:00 1384

Алматыда құрылысшы басшысына балтамен шабуыл жасаған, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде тараған мәлімет бойынша, 29 жастағы құрылысшы өзінің басшысына балтамен шабуыл жасап, мойнын жарақаттаған. 38 жастағы жәбірлеуінші ауруханаға жатқызылды.

Аталған жағдайға байланысты Алматы қаласының Полиция департаменті түсініктеме берді,

Өлтіруге әрекеттену дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, қамауға алынды, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Қылмыстың басқа да мән-жайлары анықталып жатыр.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: