Алматыда қоймадан өрт шықты

9 Ақпан, 15:51 436

Алматыда өрт сөндірушілер қоймадан шыққан өртті сөндіріп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осы уақытта өрт сөндірушілер Түрксіб ауданының Алматы қаласындағы ангар үлгісіндегі жеке қойманың жануын сөндіруде, - делінген хабарламада.

ТЖД күштері мен құралдары күшейтілген деңгейде орналастырылды. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр.

Кейінгі деректерге қарағанда, өрт сөндірушілер жалынды толық 150 шаршы метр алаңда сөндірді.

Нақтыланған мәліметтер бойынша жылытқыштың жануы орын алған. Қойма бос болды, зардап шеккендер жоқ, - деп жазды ТЖМ-нан.

Перизат Саденова
Бөлісу: