Алматыда қоқыс алаңдарына бақылау күшейтілді

Бүгiн, 06:29 344

Алматы қаласы Жетісу ауданында қоқыс контейнерлерінің маңайындағы тазалыққа бақылау күшейтілді. Жыл басынан бері тәртіп бұзушылықтар бойынша 346 әкімшілік хаттама толтырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әкімдіктегілер қаланың барлық ауданында бейнемониторинг камералары орнатылып, қоқысты заңсыз тастау фактілері тіркеліа жатқанын атап өтті. Бейнежазбалар тәртіп бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін қолданылады.

Еске салсақ, қаланың көріктендіру ережелерінің 40-тармағына сәйкес, ірі көлемді қалдықтарды шығару тұрғындардың өз есебінен арнайы алаңдарға жинақтамай жүзеге асырылуға тиіс. Мұндай қалдықтарға жиһаз, сантехника, есік, терезе жақтаулары, линолеум, құрылыс қалдықтары мен тұрмыстық техникалар жатады.

Ережені бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабы бойынша жауапкершілікке әкеп соғады. 

Асқар Таудай
Бөлісу: