Алматыда жол жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше қоғамдық көліктің бағыты өзгереді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сейфуллин даңғылының Алматы-1 темір жол вокзалынан Жұмабаев көшесіне дейінгі бөлігінде жол жөндеу жұмыстары жүреді.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, биыл Сейфуллин даңғылының Алматы-1 теміржол вокзалынан Рысқұлов көшесіне дейінгі бөлігін орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған. Жөндеу жұмыстары тамыз айының соңына дейін аяқталады.
4 тамыз сағат 23:00-ден 6 тамыз сағат 07-00-ге дейін Сейфуллин даңғылының Алматы-1 темір жол вокзалынан Жұмабаев көшесіне дейінгі бөлігінде полимерлі асфальтбетон жабынын төсеу жұмыстары жүргізіліп, көлік қозғалысы толығымен шектеледі. Жөндеу аумағын Ақан Сері, Зорге, Осипенко, Ержанов, Жансүгіров, Жұмабаев көшелері арқылы айналып өтуге болады, - деп делінген әкімдік таратқан хабарламада.