Алматыда Қажымұқан және Назарбаев көшелерінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

30 Қазан, 02:21 362

Назарбаев даңғылы мен Қажымұқан көшесінің бір бөлігіне жөндеу жүргізуге байланысты қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі. Бұл туралы Алматы әкімдігіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

1-учаске:
30 қазанда сағат 10.00-ден 15.00-ге дейін Қажымұқан көшесінің 22-үйінен Назарбаев даңғылына дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады. Бұл аумақты Достық даңғылы мен С. Байжанов көшесі арқылы айналып өтуге болады.

2-учаске:
30 қазанда сағат 15.00-ден 23.00-ге дейін Назарбаев даңғылының Қажымұқан көшесінен әл-Фараби даңғылына дейінгі учаскесінде қозғалыс жабылады. Бұл аумақты Қажымұқан, Меңдіқұлов және Достық даңғылдары арқылы айналып өтуге болады.

Жөнделетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған стендтер қойылады. Маршрутыңызды алдын ала жоспарлап алуыңызды сұраймыз, - делінген қалалық әкімдік мәліметінде.

Перизат Саденова
Бөлісу: