Алматы қаласында "С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті" КеАҚ базасында "Менталдық денсаулық. Психоәлеуметтік аспектілер" ғылыми-халықаралық практикалық конференция басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Конференцияның жұмысына "В.М. Бехтерев атындағы психиатрия және наркология ұлттық медициналық зерттеу орталығы" МБФ директоры - Н. Г. Незнанов, Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бас психиатры – У. Х. Алимов, Тәжікстан Республикасы ДСМ психикалық денсаулық жөніндегі бас маманы - Х. К. Кунгуротов, сондай-ақ Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстанды қоса алғанда ҚР және жақын шет елдердің ғалымдары қатысады.
Екі күнге Алматы дәлелдеудің жоғары деңгейі бар үздік әлемдік практикалардың негізінде психикалық денсаулықты сақтау және ілгерілету, ақыл-ой кемістігі бар адамдарды емдеу және оңалту мәселелері бойынша тәжірибе және пікір алмасу үшін диалог алаңына айналады. Психикалық денсаулық қызметін ұйымдастыру мәселелеріне, тәуелділікті қоса алғанда, психикалық бұзылулары бар адамдарды емдеудегі психотерапиялық және психофармакологиялық тәсілдерге ерекше назар аударылатын болады.
Өз сөзінде ҚР ДСМ "Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы" ШЖҚ РМК Бас директоры К.С. Алтынбеков ұлттың әл-ауқаты мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін психикалық денсаулықтың маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ, ол психиатриялық және наркологиялық көмекті ұйымдастыруды нормативтік-құқықтық реттеу, медициналық-әлеуметтік оңалтуды, фармакогенетиканы және мамандандырылған көмек көрсетудің дербестендірілген тәсілдерін енгізу жалғасып жатқанын хабарлады.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың синтетикалық есірткілердің жаппай таралуына қарсы күрес жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күресу үшін 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар әзірленгені атап өтілді. Республиканың психикалық денсаулық сақтау қызметін медициналық-санитариялық алғашқы көмекке біріктіруге ерекше назар аударылды.
Бұл қадамды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жоғары бағалады және 22-23 қазанда Астана қаласында өтетін Алматы Декларациясының 45 жылдығына және Астананың медициналық-санитариялық алғашқы көмек туралы декларациясының 5 жылдығына арналған Медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі жаһандық конференцияның күн тәртібіне енгізілді.