Алматыда Президент сайлауына дайындық жұмыстары жүріп жатыр

16 Қараша 2022, 10:40 1640

20 қараша күні өтетін кезектен тыс Президент сайлауына 4 күн қалды. Сайлау жексенбі күні өтеді, деп хабарлайды El.kz.

Қазіргі уақытта сайлау алды үгіт-насихат жұмыстары жүруде. Бірақ орталық сайлау комиссиясы шешімімен 19 қараша күні бұл іс толық тоқтайды. Яғни тыныштық күні болмақ.

Жалпы еліміздегі сайлау науқанына 6 үміткер іріктелді. Халық осы 6 адамның ішінен алдағы дауыс беру күнінде өз Президентін таңдамақ.

Президент сайлуына алғаш рет 2 әйел қатысып жатқанын да айта кетейік. Оларды қоғамдық бірлестіктерден ұсынды. Сондай-ақ осы сайлауда жеңіске жететін президент қайта сайлана алмайды. Себебі елімізде президенттің басқару мерзімі 7 жылға бір-ақ рет сайлана алады деген заң қабылданды.

Бөлісу: