Алматыда полиция ұйымдасқан қылмыстық топ құрудың 10 дерегін тергеп жатыр

Бүгiн, 09:22 203

Алматыда полиция ұйымдасқан қылмыстық топ құрудың 10 дерегін тергеп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның біреуі – трансұлттық ұйымдасқан топ құру және оған басшылық ету. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының мәліметінше, былтыр 22 адамның қылмыстық әрекеті тоқтатылды.

Заңсыз айналымнан 99 бірлік атыс қаруы тәркіленді, оның ішінде 18 тапанша, алты автомат, 26 мылтық, жеті винтовка, алты кесілген шолақ мылтық, 35 травматикалық қару, 15 жарылғыш зат, сондай-ақ 1456-дан астам оқ дәрі.

Сонымен қатар ҰҚҚКБ қызметкерлері адам саудасының екі дерегін, сондай-ақ жеңгетайлық пен жезөкшеліктің 25 дерегін тоқтатты.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: