Алматыда пәтерде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан ер адам 13 жасар қызды зорлады

22 Сәуір, 17:20 2263

Алматы қаласының полиция департаменті 13 жастағы қызды деген күдіктіні ұстап, қамауға алды, деп хабарлайды El.kzақпарат агенттігі.

Оқиға «Комфорт сити» тұрғын үй кешенінде болған. Тұрғындардың айтуынша, ер адам пәтерлердің бірінде жөндеу жұмыстарын жасаған. 

20 сәуір күні «Комфорт сити» тұрғын үй кешенінің паркингінде 13 жасар қызды зорлап кеткен. Тұрғындар шу шығарып, ақ футболка киген күдікті жігітті өздері іздей бастады. Ер адам пәтерлердің бірінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп, паркингте қылмыс жасаған, – делінген жазбада. 

Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанарт Әзірбектің айтуынша, күдікті қолға түскен.

Аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, сезікті анықталып,  уақытша қамау изоляторына қамалды. Қазір қылмыстық іс аясында басқа да мән-жайлар анықталып жатыр, - деп хабарлады Салтанат Әзірбек.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: