Алматыда пәтер ұрылары қолға түсті

15 Қыркүйек 2023, 16:44 1189

Алматыда пәтер ұрылары қолға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұрыларды ұстау іс-шарасын криминалдық полицияның арнайы тобы мен полицияның арнайы жасағының қызметкерлері “Арлан” қызметкерлерімен бірлесіп жүргізді. Қазіргі уақытта пәтер ұрлығының 6 дерегіне осы “үштіктің” қатысы бар екендігі белгілі болды.

Күдіктілер қылмыс жасап болған бойда ұсталды. Әуезов ауданында орналасқан пәтерден қаскөйлер 1 миллион теңгенің мүлкін – екі ноутбук пен қолма-қол ақшаны алып кеткен. Ұстау кезінде полицейлер ұрланған заттардан басқа, күдіктілерден кілттер жинағын, жиналмалы пышақ пен электрошокерді тәркіледі. Айғақты заттар тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына қосылды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Күдіктілер – 30 жастағы К.есімді, Ж.есімді және К.есімді азаматтар. Олар бұрын да осыған ұқсас мүліктік қылмыстарды жасағаны үшін сотты болған. Бұл “үштіктің” жеке басы басқа да ықтимал қылмыстық эпизодтарға қатысы бар-жоғына тексерілетін болады.

Равиль Ашығали
Бөлісу: