Алматыда пәтер ұрлығымен айналысқан топ ұсталды

9 Желтоқсан 2022, 17:25 1627

Бұл туралы Polisia.kz мәлім етті

Алматы облысының полицейлері пәтер ұрыларының тобын ұстады, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

1994, 1995 және 1986 жылғы күдіктілер - бұрын бірнеше рет сотталған Жамбыл ауданының тұрғындары.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша Іле ауданының Полиция басқармасында тіркелді.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталғандардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

EL.KZ
Бөлісу: