Алматы қаласының барлық ауданында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен Қазақстан халқы бірлігі күніне орай «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны аясында республикалық сенбілік өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тазалық іс-шарасына екі мыңнан астам адам – этномәдени бірлестіктердің өкілдері, түрлі діни ұйымдардың мүшелері, жоғары оқу орындарының студенттері, мектеп оқушылары, еріктілер мен қала тұрғындары қатысты. Олар көшелерді, саябақтар мен скверлерді тазалауға шықты.
Қала әкімдігінің дерегінше, жалпы 50 гектар аумақ тазаланып, 800 тоннадан астам қоқыс жиналды. Оның ішінде шыны, пластик, резеңке, қағаз, металл және басқа да тұрмыстық қалдықтар бар.