Алматыда өтетін «Еуразия» кинофестиваліне 15-тен астам ел қатысады

19 Қараша, 14:13 365

2024 жылғы 24-30 қараша аралығында Алматы қаласында XVII «Еуразия» халықаралық кинофестивалі өтеді. Биылғы фестивальге 15-тен астам ел қатысады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кинофестивальді Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы ұйымдастыруда.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, биылғы конкурс бағдарламасында үш құрлықтан келген 12 фильм көрсетіледі.

Қатысушылары саналуан, ауқымы кең фестивальде ұсынылған фильмдер түрлі мәдениеттер мен көзқарастардың бай палитрасын көрсетеді. Конкурс Бангладеш пен Оңтүстік Кореядан бастап, Австрия мен Катарға дейінгі елдердің туындыларын қамтиды. Еуропа, Азия және Таяу Шығыстан келген шығармашылық топтар әмбебап тақырыптар мен жергілікті контекстті біріктіретін жұмыстарды ұсынбақ, - делінген мәліметте.

2024 жылы «Еуразия» тек фильмдер фестивалі ғана емес, кино әлеміне саяхат болмақ.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: