Алматыда орташа жалақы мөлшері өсті

5 Маусым, 14:04 645

Алматы қаласында осы жылдың бірінші тоқсанында қалада орташа еңбекақы 16,4 пайызға өсіп, 454 мың теңге болды. Бұл туралы қала экономикасы басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сәуір айында инфляция наурыз айында 9,7%-дан 9,1%-ға дейін төмендеді. 2024 жылы жылдық инфляция одан ары 7-8%-ға дейін баяулайды деп болжанып отыр. 

Қалада тұрақты жұмыс орындарына баса назар аудара отырып, жаңа жұмыс орындары құрылып жатыр. Жыл басынан бері 19,5 мың адам жұмысқа орналасты. Жыл соңына дейін 87 мың тұрғын еңбекпен қамтылады. Оның 61%-ы тұрақты. Бұл ретте, қабылданып жатқан шаралардың арқасында жұмыссыздық деңгейі – 2024 жылдың бірінші тоқсанында 4,7%-ға дейін төмендейді, - делінген хабарламада.

2024 жылдың бірінші тоқсанында Алматыда орташа жалақы 454 мың теңге (республика бойынша – 382 мың теңге) болды. Номиналды мәнде жалақы 16,4%-ға, нақты мәнде 6%-ға өсті.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: