Қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотқа сілтеме жасап.
Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, Мұхтар Тайжан әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабы 6-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды.
«Ол 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түрінде әкімшілік жауапқа тартылды», - делінген ресми хабарламада.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.