7-8 наурызда бүкіл қала бойынша гүл сататын базарлар ұйымдастырылды. Кейін гүл сатқан саудагерлер көгалдарда, аркаларда қоқыс үйінділерін тастап кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Алматы қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.
"Түнгі кезеңде және 9 наурыз күні таңертең қалалық қызметтердің барлық күштері қала аумағын тазарту жөніндегі тікелей міндеттерін орындаудың орнына стихиялық сауда орындарын тазартуға және осы учаскелерді санитарлық нормаларға сәйкес келтіруге бағытталды. Осыған байланысты алматылықтарға жүгінгіміз келеді.
Біздің коммуналдық көріктендіру қызметшілері қаланы таза ұстауға тырысады, ал немқұрайлы қала тұрғындары оларға жұмыс қосады. Қала аумағында жүргізілген кез келген іс-шаралардан, жұмыстардан немесе саудадан кейін, арнайы бөлінген жерлерде тазалық пен тәртіпті қалпына келтіруді қамтамасыз етуді сұраймыз. Көріктендіру ережелерін сақтамағаны үшін құқық бұзушылар ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 505-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын еске саламыз", - делінген хабарламада.