Алматы қалалық мобильділік басқармасы қоғамдық көліктердің мереке күндеріндегі жұмыс кестесін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Басқарма мәліметінше: 1 қаңтар - жолаушыларды тасымалдауға жылжымалы құрамның 50 пайызы шығады.
2–4 қаңтар - қоғамдық көлік демалыс күнінің кестесі бойынша жұмыс істейді.
№12 маршрут (Алматы-2 теміржол вокзалы – "Медеу" мұз айдыны) 1-4 қаңтар аралығында демалыс күнінің кестесіне сәйкес, жолаушыларға 20 қоғамдық көлік қызмет көрсетеді. №3 түнгі маршрут өзгермейді, - делінген хабарламада.
Метро - демалыс күнінің кестесі бойынша 06:20-дан 00:00-ге дейін жұмыс істейді, қозғалыс аралығы 12–15 минут.