Алматыда «Медеу» саябағының басшылары пара алған

20 Қаңтар 2023, 18:26 1269

Бұл туралы Антикор мәлім етті

Антикор Алматы қаласының экология саласындағы жүйелі жемқорлықтың жолын кесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әлеуметтік маңызы бар салаларда жемқорлықты анықтау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.

Алматы қаласының тұрғындарын алаңдататын мәселелердің бірі-экология.

Алматы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті осы саладағы лауазымды тұлғалардың жемқорлық қызметін тоқтатты.

Мәселен, жүйелі түрде пара алуда Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасы басшысының орынбасары әшкереленді.

Олардан бизнес өкілдерінен экологиялық бекеттерде автокөлік құралдарына экологиялық мониторинг жүргізу бойынша бұрын жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне қол қою үшін 12 млн.теңгеден астам қаражат алынғаны анықталды.

Бұдан басқа, жемқорлық жасауда әкімдіктің ведомстволық бағынысты ұйымы – «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» басшылығы әшкереленді.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары кешенімен парк басшысының санитарлық бұтау және ағаштарды кесу жөніндегі шарттар аясында орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны үшін кәсіпкерден 1,5 млн.теңге сомасында пара алғаны туралы дәлелдер алынды.

Азаматтар үшін сезімтал салаларда жемқорлықты жою бойынша жұмыстар жалғасуда. 

EL.KZ
Бөлісу: