Алматыда 18-24 ақпан кундері конькимен жүгіруден ҚР Кубогының финалдық кезеңіне дайындық жүргізілуіне байланысты Медеу мұз айдыны жабылып, жаппай сырғанау тоқтатылады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл туралы Алматы қаласы спорт басқармасынан мәлімдеді.
Ведомствоның мәліметінше, жарыс жанкүйерлері үшін мұз айдынына кіру ашық болады.
«21-24 ақпан аралығында өтетін жеке және командалық біріншіліктің финалына республикалық маңызы бар екі қала мен еліміздің 7 облысының спортшылары қатысады»,- деп хабарлады қалалық спорт басқармасынан.