Алматыда көшелерді орташа жөндеуден өткізу жұмыстары уақытынан бұрын аяқталды

5 Тамыз 2023, 17:24 1084

Алматыда магистралды көшелерді орташа жөндеу жұмыстары бекітілген уақытынан ерте аяқталады, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі. 

Қазіргі уақытта Абай және Әл-Фараби даңғылдарында жөнделетін бірнеше бөлік қана қалған. Қаланың негізгі даңғылдарда көлік қозғалысы бекітілген кестеге сәйкес 31 тамызға қарай аяқталуы керек болған. Алайда жөндеу жұмыстары 20 тамызға дейін аяқталады деп жоспарланып отыр. 

Әл-Фараби даңғылының оңтүстік бетінде жұмыстар толығымен аяқталды. Солтүстік бетінде Достық даңғылынан Ходжанов көшесіне дейін жол жөнделіп қозғалыс ашылды. 5 тамыз сағ.23:00-ден 7 тамыз 06:00-ге дейін Ходжанов көшесінен Гагарин даңғылына дейін полимерлі асфальтбетон жабынын төсеуге байланысты көлік қозғалысы шектеледі.

6 тамыз күні Ходжанов көшесінен Дулати көшесіне дейін реверсивті көлік қозғалысы ұйымдастырылады. Абай даңғылында екі мердігер ұйым қатар жұмыс жасап жатыр. Батыс бағытта Достық даңғылынан Розыбакиев көшесіне дейін жөндеу жұмыстары аяқталып, көлік қозғалысы ашылған. 6 тамыз сағ. 23.00-ден 8 тамыз сағ. 06.00-ге дейін шығыс бағытта Наурызбай батыр көшесінен Достық даңғылына дейінгі соңғы бөлік жөнделмек.

Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін патрульдік полиция қызметкерлері қамтамасыз етеді.

 

Асқар Таудай
Бөлісу: