Алматыда көпқабатты үй өртенді

Бүгiн, 10:14 141

Алматыда көпқабатты үйдің бірінші қабатында өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, Алматы ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірі отқа оранған. ТЖД қызметкерлері баспалдақ маршымен 5 адамды эвакуациялап, бір кейуана мен екі баланы құтқарды.

Өрт сөндірушілер жалынның таралуына жол бермей, оны жедел сөндірді. Өрттің аумағы – 8 шаршы метр.

Оқыс оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: