ТЖМ құтқарушылары 48 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, Алматы қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде үй заттары өртенді.
Өрт сөндірушілер үйдің 48 тұрғынын эвакуациялады, оның ішінде 8 бала, тағы 3 мысық пен 1 ит жануарларын шығарды. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда.
ТЖМ күнделікті өмірде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ұсынады!