Алматыда коммуналдық кәсіпорын басшысы пара алды деген күдікке ілінді

10 Қаңтар, 13:16 739

Алматы қаласы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Алматы тазалық» ШЖҚ МКК директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол мердігер ұйым өкілінен 2,7 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.

Бұл сома орындалған жұмыстардың актілеріне қол қоюға, мемлекеттік сатып алулар бойынша қосымша келісімшарттар жасауға және жалпы қамқорлыққа арналған, - делінген Антикор мәліметінде.

Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: