Алматыда көлік қаққан оқушы көз жұмды

20 Сәуір 2023, 14:43 3074

Алматыдағы көшелердің бірінде 17 жасар жігітті көлік қағып кетті. Белгіленбеген жолды кесіп өтіп бара жатқан жігіт оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі. 

Оқиға 18 сәуір күні кешкі сағат 19:45 шамасында Абай даңғылындағы Жетісу-3 шағын ауданына қарама-қарсы жерде болған. Instagram желісінде таралған бейнежазбада жігіттің аялдамаға жүгіріп бара жатқан кезінде жылдамдықты асырған көлік жүргізушісі қағып кеткені көрсетілген. Көліктің жылдамдығы қатты болғаны сонша жігіт аспанға ұшып, 2-3 метр жерге аунап түседі. Өкінішке қарай, оқиға орнында мерт болды.

2007 жылы туған бозбала медициналық мекемеде көз жұмды. Қазіргі таңда полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-тармағымен тергеу басталды. Тиісті сараптамалар жасалады, - дейді полиция департаментінің баспасөз қызметі.
 

Ескерту: бейнеде бейпіл сөздер кездеседі!

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 🅺🆁🅸🆂🅿🅸_🅰🅻🅼🅰🆃🆈 (@krispi_almaty)

 Оқырмандар оның 10-сынып оқушысы және үйінің жалғыз ұлы екенін жазып жатыр.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: