Алматыда көлік қаққан әйел көз жұмды

16 Ақпан, 11:24 1240

Алматыда жаяу жүргіншілерге арналған жолағынан өтіп бара жатқан 1968 жылғы әйелді көлік қағып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алған жарақаттарынан әйел оқиға орнында қайтыс болды.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 16 ақпан күні 05:50-де болған.

«Ниссан» маркалы 1984 жылғы көлік жүргізушісі Сүйінбай даңғылымен солтүстік бағытта келе жатып жаяу жүргіншіні – 1968 жылы туған әйелді қағып кетті. Ол жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан өтіп бара жатқан. Жол апатынан әйел оқиға орнында көз жұмды, - делінген мәліметте.

Аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: