Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінде кіреберіс есігі аулаға шығып бара жатқан баланың үстіне құлап, басып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Видео әлеуметтік желіде тарады.
Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады.
Бала жедел жәрдем көлігімен №2 қалалық Балалар клиникалық ауруханасына жеткізілді. Баланың басына компьютерлік томография жасалды. Ауруханаға жатқызуға негіз жоқ. Амбулаторлық емге жіберілді, - делінген мәлімдемеде.