Алматыда кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

10 Қазан, 17:04 335

12-13 қазанда сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін Алматы қаласында кеңейтілген ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық әкімдік мәліметінше, жәрмеңкеге Алматы мен Абай облыстарының ауылшаруашылық өндірушілері мен фермерлер қатысады.

Жәрмеңкеге 50-ден астам өнім түрлері (ет және сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдері, ұн, жарма, өсімдік және жануар майлары және т.б.) қойылады.

Өнімнің жалпы көлемі 300 тонна құрайды, оның ішінде:
* Ет өнімі – 100 тонна;
* Жеміс-көкөніс өнімі – 100 тонна;
* Сүт өнімі – 30 тонна;
* Балық өнімдері – 10 тонна;
* Өзге өнімдер – 60 тонна.

Жәрмеңке өтетін орын – Алматы қаласы, Сәтбаев көшесінің бойымен Уалиханов көшесі мен Достық даңғылы аралығында.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: