Алматыда кәмелетке толмаған 49 бала мерекені колонияда атап өтті

1 Маусым, 08:40 566

Алматыда кәмелет жасына толмаған 49 бала мерекені колонияда атап өтті, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Алматыда кәмелетке толмаған сотталғандар үшін республика бойынша жалғыз колония орналасқан. Бұл Алматы қаласы, Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №11 мекемесі, қазіргі уақытта онда 49 кәмелетке толмаған ұл бала өз жазасын өтеуде. Одан басқа кәмелетке толмаған 4 қыз бала Алматы облысы Жауғашты кентіндегі №10 мекеме аумағындағы тәрбие колониясында жазасын өтеп жүр.

Жазасын өтеп жатқан кәмелетке толмағандардың ішінен 34 жасөспірім аса ауыр қылмыс жасаған. Ең жас жаза өтеуші - 15 жаста. Осыған қарамастан олардың барлығы балалар болып қалады және 1 маусымда бүкіл елдің балалары сияқты күтеді, – деп атап өтті ҚАЖД бастығы Қайрат Дәлбеков.

Дәстүр бойынша жыл сайын колонияда балалар мерекесін туған-туыстарымен салтанатты іс-шара ұйымдастырып атап өтеді. 1 маусымда жасөспірімдердің туған-туыстары мен жақындары үшін ашық есік күні өткізіледі. Сонымен қатар эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама қойылады. Бұл күні сотталғандардың ас мәзірі тәттілерге толы болады.

Колония қызметкерлерінің айтуынша, балалардың барлығы ата-аналық сүйіспеншілік пен көңіл бөлінуге мұқтаж. Олардың көпшілігі толық емес және қолайсыз отбасыларда өскен. Колонияда жасөспірімдер үшін барлық өмір сүру жағдайлары жасалып, сондай-ақ мереке және демалыс күндерін қызықты ұйымдастыруына көп көңіл бөлінеді. Жасөспірімдермен мекеме ішінде арнайы психолог, теологтар мамандар жұмыс істейді. ҚАЖ қызметкерлері балаларды барынша бос уақыттарын маңызды өткізулерін ұйымдастырады. Үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдар жазаны өтеушілерге гуманитарлық көмек көрсетеді.

Олардың әрқайсысы мінсіз әрекетке қарамастан бала. Біз олардың әрқайсысы өз қателіктерін түсініп, ешқашан бас бостандығынан айыру орындарына оралмауы үшін бар күшімізді салуға тырысамыз, – деді департамент бастығы.
 

Перизат Саденова
Бөлісу: