Алматыда гуманитарлық көмек қабылдау пункті ашылды

31 Наурыз, 20:11 746
Алматыда су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек қабылдау пункті ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Пункт Алмалы ауданының комьюнити орталығында ашылды. Гуманитарлық көмек мына тізім бойынша қабылданады:

- азық-түлік;
- ауыз су;
- медициналық препараттар және медициналық керек-жарақтар;
- киім (жылы киім, аяқ киім, іш киім, шұлық және т. б.);
- заттар (көрпелер, ұйықтайтын сөмкелер, жастықтар және басқалар);
- шаруашылық тауарлары (шатырлар, карематтар, термостар, шамдар, пауэрбанктер, шәйнектер, балалар ыдыстары, емізіктер, т. б.);
- Гигиена құралдары (жөргектер, әйелдер гигиенасы, сабын, тіс пастасы, сусабындар, майлықтар, дәретхана қағазы, жуғыш заттар және басқалар).

Мекен-жайы:
Байтұрсынов көшесі, 22/1
Қабылдау уақыты: 10:00-ден 19:00-ге дейін.

Байланыс нөмірлері: +7 747 821 64 78; 7 747 540 01 40377.
Перизат Саденова
Бөлісу: