Алматыда фристайлдан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтеді

7 Қаңтар, 02:31 552

7-11 қаңтар күндері Алматыдағы Шымбұлақ тау-шаңғы курортында фристайл-могул және фристайл-акробатикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, жаһандық додаға 13 елден 110 спортшы қатысады.

Еліміздегі дүбірлі додада Қазақстан, Германия, Канада, Қытай, Франция, Швейцария, АҚШ, Оңтүстік Корея, Жапония және өзге де елдің өкілдері сынға түседі.

Қазақстан құрамасы:

Могул/параллель могул: Анастасия Городко, Юлия Феклистова, Анастасия Ларионова, Виктория Кузнецова, Юлия Мокина, Семён Русаков, Ильнар Ибрагимов, Данил Коротков, Алексей Дениярёв, Денис Раструба.

Шаңғы акробатикасы:

Дінмұхаммед Райымқұл, Ардана Маханова, Райана Маханова, Асан Асылхан, Роман Погосян, Ұланбәкір Өмірзақов, Аделина Өмірзақова.

Жарыс кестесі:

7 қаңтар – могул, 10:00-ден 15:30-ға дейін;

8 қаңтар – параллель могул, 11:00-ден 14:30-ға дейін;

9 қаңтар – командалық параллель могул, 11:00-ден 15:00-ге дейін;

10 қаңтар – шаңғы акробатикасы, 11:00-ден 13:30-ға дейін;

11 қаңтар – командалық шаңғы акробатикасы, 12:00-ден 13:30-ға дейін;

Жасөспірімдер арасындағы фристайлдан әлем чемпионаты 1986 жылдан бері Халықаралық шаңғы федерациясының (FIS) қолдауымен өткізіліп келеді. Алматы қаласы бұған дейін 2021 жылы фристайлдан Әлем кубогі кезеңдерін өткізген.

Айта кетейік, былтыр отандасымыз Анастасия Городко Италияда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында могулдан алтын медаль олжалап, 2022 жылғы нәтижесін қайталаған еді.

Асқар Таудай
Бөлісу: