Алматыда фестиваль қонақтары 94 мыңға жуық гүлді жойған

20 Қыркүйек 2022, 09:11 1792

Шығын сомасы 13 млн теңгеден асты

«Астана» алаңында Gakku Dauysy 2022 фестивалі кезінде көрермендер іргелес аумақтағы жасыл желектерге айтарлықтай зиян келтірген, деп хабарлайды El.kz Алматы қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.

Экология және қоршаған орта басқармасының бағалауы бойынша, шығын сомасы 13 млн теңгеден асты – бір жылдық, көп жылдық бұталар мен гүлдер, оның ішінде қаланың жақын маңдағы гүлзарындағы раушандар жойылды. Барлығы 94 мыңға жуық гүл  тапталып кеткен.

- 913 шаршы метр біржылдық өсімдіктер,

- 326 шаршы метр көпжылдық өсімдіктер,

- 117 шаршы метр раушан гүлдер.

Алмалы ауданы әкімдігінің мәліметі бойынша 13 орындық, 1 жарық бағанасы, гранит урнасы мен екі камераның негізі қираған.

Сондықтан Алматы қаласының әкімдігі еліміздің мәдени орталығы болып табылатын мегаполистің тұрғындары мен қонақтарынан жасыл желектерге және гүлдерге ұқыпты қарауды, сондай-ақ қаланы абаттандыру мен көгалдандырумен айналысатын қызметкерлердің еңбегін құрметтеуді сұрайды. Келтірілген залал қала әкімдігінің күшімен қалпына келтіріледі-жаңа өсімдіктер қысқа мерзімде отырғызылады.

Күн сайын қала аумағын суару мен көгалдандыру жұмыстарына 300-ге жуық маман мен 80-нен аса арнайы техника жұмылдырылады.

Ағымдағы жылы декративті көгалдандырудың жалпы аумағы 159 мың шаршы метрді құрайды, ал газон аумағы - 26 мың шаршы метр.

Бөлісу: