Алматыда "Еуропалық Одақ – Орталық Азия" азаматтық қоғам форумы басталды

28 Қаңтар, 20:19 481

Алматыда 5-ші «Еуропалық Одақ – Орталық Азия» Азаматтық қоғам форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үш күндік іс-шара цифрлық трансформация, климаттың өзгеруі, жастар белсенділігі, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелеріне бағытталған.

Форумға Орталық Азия елдерінің азаматтық қоғам институттары мен үкіметтері өкілдері, халықаралық ұйымдар өкілдері қатарынан 150-ден астам адам қатысуда.

Форумның ашылуына ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова қатысты. Ол қатысушыларды елдің дамуындағы азаматтық қоғамның рөлі және мемлекеттің үкіметтік емес секторды қолдау бойынша жүргізіп жатқан жұмысы туралы хабардар етті.

Алдағы екі күн ішінде іс-шара аясында топтық пікірталастар мен арнайы семинарлар өтеді. Қатысушылар осы талқылаулар арқылы өзара идея алмасып, аймақтың маңызды мәселелерін шешуге белсенді түрде атсалысу мүмкіндігіне ие болады.

Асқар Таудай
Бөлісу: