Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысы басталды

2 Ақпан 2023, 18:17 1003

Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Іс-шараға премьер-министрлер Әлихан Смайылов,  Никол Пашинян,  Роман Головченко,  Ақылбек Жапаров және  Михаил Мишустин қатысады.

Шағын құрамдағы отырыста ЕАЭО-ның алкоголь нарығын реттеу мәселелерін, ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шарттың жобасын дайындау барысын, сондай-ақ Одақтың өңірлік даму институттарының қызметін талқылау жоспарланып отыр.

«Қабылданған шешімдер интеграциялық бірлестіктің одан әрі дамуына елеулі үлес қосып, тың серпін беретініне сенімдімін», — деді отырыста сөз алған ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов. 

EL.KZ
Бөлісу: