Мәдениет және ақпарат министрлігі халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өтетін уақытты атады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство мәліметінше, айтулы іс-шара 24-30 қараша аралығында Алматыда өтеді.
«Еуразия» кинофестифалінде дәстүр бойынша әлемдік және отандық киноның өзекті трендтерін көрсететін жарқын және маңызды туындыларды жинайды.
Фестиваль аясында көрермендер тәжірибелі шеберлердің жұмыстарын ғана емес, дебюттік фильмдерді де тамашалап, сала мамандарымен тілдесіп, киноөнерінің дамуы мен болашағын талқылай алады, - делінген мәліметте.