Алматыда ерлі-зайыптылар жаңа туған сәбиін 2 млн теңгеге сатпақ болған

14 Ақпан 2023, 13:13 1175

Бұл туралы Polisia.kz мәлім етті

Алматыда ерлі-зайыптылар жаңа туған сәбиін 2 млн теңгеге сатпақ болған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Алмалы ауданында арнайы іс-шараны ҰҚҚКБ жедел уәкілдері мен полицияның арнайы жасақ қызметкерлері бірлесіп жүргізді. Үйлестіруді Алматы қаласының прокуратурасы жүзеге асырды.

– 1998 жылы туған әйел мен оның күйеуі 1991 жылы туған азамат ұсталды. Бірнеше сағат бұрын әйел перзентханадан шыққан. Олар сол жерден бірден мәміле жасауға кеткен. Олар қызын 2 миллион теңгеге бағалаған. Айта кету керек, ерлі-зайыптылар туылмаған бала үшін “әлеуетті ата-ананы” алдын ала іздеген. Жаңа туған нәрестені сатудан түскен ақша айыпталушыларды ұстау кезінде тәркіленді. Іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 135 бабы 2 бөлігі (Кәмелетке толмағандар саудасы) бойынша тіркелген қылмыстық іс материалдарына қосылды. Қылмыстық іс аясында жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», – деді, Алматы қалалық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Жанат Нұрғалиев.

Бұл ерлі-зайыптылардың екі баласы бар екендігі анықталды. Олар ауыр қылмыс бойынша өз кінәларын толықтай мойындады.

EL.KZ
Бөлісу: